Баланы ҰБТ-ға онлайн дайындау
Жазылымды көбіне ата-ана төлейді, ал дайындалатын — бала. Бұл бетте қысқаша: дайындық қалай құрылған, сіз нені өз көзіңізбен көре аласыз, бағасы қанша және қалай төлеуге болады.
Неге жауабы бар жинақ емес, талдауы бар пробник
Жауабы бар жинақ тек әріпті көрсетеді, бала ойлау барысында қай жерде қателескенін көрсетпейді. Сондықтан сол қате нағыз ҰБТ-да қайталанады.
Мұнда сұрақтардың 99%-ына талдау жазылған: неге бір жауап дұрыс, ал басқасы неге алдайды. Қателер бөлек бөлімге жиналады — оларға кейін қайта оралуға болады.
Сіз нені көре аласыз
Ата-анаға арналған бөлек кабинет әзірге жоқ. Бірақ баланың көретінінің бәрін сіз де көре аласыз — оның телефонында немесе оның аккаунтында:



- Бала пробник нәтижесінің сілтемесін сізге жібере алады — ол ашылғанда балл жазылған карточка шығады.
- «Қателерім» бөлімінде барлық қате пән мен тақырып бойынша жиналған, түзетілгендері белгіленген.
Бағасы
Тегін: 1 толық ҰБТ, әр пәннің 1-нұсқасы және күн сайын «Күнделікті 7» — талдауымен.
Барлық тариф пен жиі қойылатын сұрақтарҚалай төлеуге болады
- 1Тарифтер бетін баланың аккаунтында ашыңыз — ол Telegram арқылы кірген құрылғыда.
- 2Тарифтің «Сатып алу» батырмасын басып, баланың екі бейіндік пәнін таңдаңыз.
- 3QR-ды өз Kaspi-іңізбен сканерлеңіз немесе «Kaspi-мен төлеу» батырмасын басыңыз.
- 4Жіберуші ретінде өз атыңызды жазып, «Төлемді растау» батырмасын басыңыз. Көбіне қолжетімділік бірден ашылады; аударымды қолмен тексерсек, балаға Telegram-ботта хабарлама келеді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жазылым қанша уақытқа беріледі?
Тарифте көрсетілген мерзімге. Бұл Kaspi арқылы бір реттік аударым — ақша автоматты түрде алынбайды. Мерзім біткен соң тарифті қайта сатып алуға болады.
Неше құрылғыда жұмыс істейді?
Жазылым телефонға емес, баланың Telegram аккаунтына байланған. Басқа телефонда не компьютерде сол Telegram арқылы кірсе, жазылым мен бүкіл тарих сонда болады. Бір уақытта бір браузерде кіріп тұрады: жаңа құрылғыда кірген соң, алдыңғысында қайта кіру керек.
Қай тілде?
Қазақ және орыс тілдерінде — тіл бір батырмамен ауысады, нұсқалар екі тілде де бар.
Қандай пәндер кіреді?
Үш міндетті пән — Қазақстан тарихы, Математикалық сауаттылық, Оқу сауаттылығы — және сатып алғанда таңдайтын екі бейіндік пән. Жұпты кейін профильде өтінім жіберіп ауыстыруға болады.


